Orange Magazine Германияда өтетін медиафорум туралы ақпарат тарату үшін журналистер арасында байқау өткізбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Orange Magazine Германияда өтетін медиафорум туралы ақпарат тарату үшін журналистер арасында байқау өткізбек

04.04.2015
Orange Magazine Германияда өтетін медиафорум туралы ақпарат тарату үшін журналистер арасында байқау өткізбек

Медиафорум туралы ақпарат тарату үшін белгіленген стипендияға өтінішті 18-30 жас аралығындағы баспасөз бен онлайн-медиада істейтін тілшілер немесе фото және видеожурналистер бере алады.

Үш күнге созылатын «Deutsche Welle Global Media Forum» 22-24 маусымда Германияның Бонн қаласында өтеді. Конференция жаһандануға байланысты пайда болған мәселелерді шешу жолдарын талқылауға арналған. Сондықтан форум әлемнің барлық жерінен медиа саланың мамандарын жинауда. Биылғы тақырп – «Сандық технологиялар заманындағы медиа мен сыртқы саясат».

European Youth Press (EYP) жобасы – Orange Magazine осы медиафорум туралы әлемге ақпарат тарату үшін 10 журналисті іріктеп алмақ. Олар ақпарат құралдары мен жұмыс істейтін медиаұйым атынан ақпарат таратады.   

Степендияға жол жүру, қонақ үй мен тамақтану шығындары кіреді. Керек жағдайда Deutsche Welle қатысушыларға виза алуға көмектеседі. Өтініштер 12 сәуірге дейін қабылданады.

Хабарламаларға жазылу