Қытайдан Еуропаға жаңа жүк пойызы жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан Еуропаға жаңа жүк пойызы жіберілді

30.10.2017

 

 

Қытайдан Еуропаға алғаш рет жаңа бағыттағы жүк пойызы жіберілді. Ол Хубей провинциясындағы  Ухань қаласынан шығып, Францияның Дурж шаһарына дейін жүреді.

 

41 контейнерге осы жолы спорт киімдері тиелген пойыз  Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германия арқылы өтіп,  Францияда тоқтайды. Жоспар бойынша бұл бағытта пойыз аптасына бір рет жүреді.

 

Дурж – француздардың ең басты порттық қалаларының бірі болып есептеледі. Ол жерден жүкті құрлықпен де, теңізбен де және әуе қатынасы арқылы Испания, Италия және Польша елдеріне тасымалдауға болады.

 

Айта кетейік, 2012 жылдан бері Ухань қаласынан Еуропа, Орталық Азия және Батыс Азия елдеріндегі 60 шақты қалаға пойыз жүріп тұрады. Биыл Еуропаға, шамамен, 277 пойыз жөнелтілген екен.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу