Ирак Күрдістаны лидері қызметтен кетпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак Күрдістаны лидері қызметтен кетпек

30.10.2017

Ирак Күрдістаны лидері Масуд Барзани қарашаның 1-де қызметтен кететінін мәлімдеді.  Ол өзінің осы мерзімде аяқталатын өкілеттігін ұзартпайды. Қарашаның 1-де Күрдістанда президенттік сайлау өтуі керек болатын. Алайда, аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты шара кейінге қалдырылды. Барзани кетенінін мәлімдеп, сонымен бірге, күрд парламентіне автономиялық аудандағы билікті реформалау туралы ұсыныстарын айтты. Ал, Ирак Күрдістанында қыркүйектің 25-де өткен референдум автономия келешегіне кері әсерін тигізді деген пікірлер жиі айтылып жүр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу