Буш пен Обама елдегі саяси климатқа алаңдаулы

20.10.2017

АҚШ-тың бұрынғы президенттері Джордж Буш пен Барак Обама елде қалыптасқан саяси климатқа алаңдаушылық білдірді. Нью-Джерси штатында өткен демократтар митингінде Обама халықты «бөліну саясаты» мен «қорқыныштан» бас тартуға шақырды. «50 жыл артқа шегінбейік. 19-шы емес 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз», - дейді ол.

Осыған ұқсас мәлімдемені Нью-Йоркте Буш та жасады. Оның сөзінше, Америкада ақ нәсілділерді жоғары қою мен фанатизмге жол беріліп отыр.  Қоғамдық өмірде кемсіту мен ескішілдік ұлттық сипат алып бара жатыр. Мұның бәрі қатыгездікке бастайтын жол», - дейді Құрама Штаттардың 43-ші президенті.

Бірақ, екі экс-лидер де қазіргі мемлекет басшысы Дональд Трамптың атын атаған жоқ.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу