Бейбітшілік бойынша Нобель лауреаты анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбітшілік бойынша Нобель лауреаты анықталды

06.10.2017

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының 2017 жылғы лауреаты анықталды. Оны биыл Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық насихат ұйымы иеленді. Мұны бүгін Ослода Нобель комитетінің басшысы Берит Рейс-Андерсен мәлімдеді.

Штаб-пәтері Женевада орналасқан қозғалыс атомдық арсеналы бар мемлекеттерді жаппай қырып-жоятын қарудан арылуға үндеп, келіссөздерге тартады. Бұл ұйымның бастамасымен биыл шілденің 7-де Біріккен Ұлттар Ұйымының 122 елі ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімге қол қойды. Ол қыркүйектің 20-да күшіне енген еді. Бірақ, бұл құжатқа АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция тәрізді ядролық державалар қосылмады.

Тағы бір айта кететін жайт, қазір Құрама Штаттар мен Солтүстік Корея және Иран арасында атомдық бағдарламаға қатысты дау күшейіп келеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу