Ирак армиясы Хавиджа қаласын «ДАИШ»-тан азат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирак армиясы Хавиджа қаласын «ДАИШ»-тан азат етті

05.10.2017

Бүгін Ирак армиясы «ДАИШ»-тың бақылауындағы соңғы бекіністердің бірі – Хавиджа қаласын азат етті. Сонымен қатар, оның айналасы да экстремистерден босатылған. Осылайша, «ДАИШ» елдің солтүстігіндегі соңғы ауданнан айырылып отыр.

Ирак армиясы бұл операцияны АҚШ-тың және Иран дайындаған шиит жасақтарының көмегімен жүргізді. Бұл әскери науқанның қарсаңында Хавиджадан мыңдаған бейбіт тұрғын қашты.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу