Доминика аралында «Мария» дауылынан 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Доминика аралында «Мария» дауылынан 15 адам қаза тапты

22.09.2017

Кариб теңізіндегі Доминика аралында «Мария» дауылынан 15 адам опат болды. Тағы 20 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір аралда ауызсу мен электр жарығы жоқ. Сағатына 260 шақырым жылдамдықпен соққан күшті жел жүздеген ғимаратты құлатып, телекоммуникацияны үзген. Мұның үстіне аралды су тасқыны жайлады.

Сенбіге қарай су деңгейі 76 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін деген ескерту жасалды. Сондықтан, қауіпті аудан тұрғындары көшіріліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу