Испанияда «Ешкілердің өрт сөндіру бригадасы» құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда «Ешкілердің өрт сөндіру бригадасы» құрылды

20.09.2017

От шалған ормандарды құтқару жолында оларға отар-отар қойлар да көмектесіп жатыр. Аша тұяқтылар елдің солтүстігіндегі тоғайлардың өрт қаупі төнген стратегиялық бөлігіне жіберілді. Үй жануарлары ағаштардың жапырақтары мен көгалды тез арада жалмап, оттың тарауын қиындатып отыр.

Сондай-ақ, олар құтқарушылар үшін орманға кіретін жол ашады. «Бұл - өртпен күрестің арзан, жеңіл, тиімді жолы», - дейді қойшылардың бірі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу