Иордания шөлінде бірегей жоба іске асырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания шөлінде бірегей жоба іске асырылып жатыр

15.09.2017

Ол «Сахара орманы» деп аталады. Бұл жоба келешекте тұрғындарды мыңдаған литр ауызсумен және экологиялық таза көкөністермен қамтамасыз етпек. Бір ерекшелегі – жоба Күн энергиясы панельдері арқылы жұмыс істейді. 

Шөлдегі сулы да, нулы аумақ 4 футбол алаңына тең жерді алып жатыр. Мұнда екі бірдей жылыжайда жыл сайын 130 мың тонна қияр өсіріліп, теңіздің тұзды суы тазартылып, 10 мың литр таза су алынбақ. Осындай «жасыл» энергия жобасы жуырда Катар мен Тунисте де жұмыс істей бастады.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу