Ким Чен Ынның қарындасы политбюроға енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ынның қарындасы политбюроға енді

09.10.2017

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қарындасы елдің жетекші саяси идеологтарының біріне айналды. 28 жастағы Ким Ио Чен биліктегі Жұмысшы партиясының политбюро мүшесі болып тағайындалды. Айта кетсек, бұл орган маңызды мемлекеттік мәселелерді шешумен айналысады. Саяси сарапшылардың пікірінше, осы қадамы арқылы Ким Чен Ын өз билігін тіпті күшейтіп отыр.     

Ким Ио Чен - Солтүстік Кореяның патриархалдық саяси жүйесіндегі екінші әйел. Бұған дейін оның әкесі Ким Чен Ир өз қарындасы Ким Хен Хуэйді ықпалды қызметке тағайындаған еді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу