Трамптың миграциялық саясатына қарсы шерулер өтті

06.09.2017

АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз иммигранттардың балаларын елден шығарудан қорғайтын бағдарламаның күшін жойды. Бұл шешімнен 800 мыңдай адамға депортациялану қаупі төніп тұр. Сондықтан, Нью-Йорк, Лос-Анджелес тәрізді ірі қалаларда Трампқа қарсы шерулер өтті.

Ақ үй басшысы бас тартқан бағдарламаны кезінде Барак Обама қабылдаған-ды. Бұл құжат Құрама Штаттарға 16 жасқа дейін барған заңсыз мигрант балаларды депортациялауды кейінге қалдыруға мүмкіндік берді және де оның арқасында елде қалып жұмыс істеуге болатын еді.

Дегенмен, Трамптың ойынша, бұл бағдарлама заңға қайшы болғандықтан күшін жою керек.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу