Бельгияда бір рет қолданылатын пластик пакеттерді пайдалануға тыйым салынды
Елдің сауда орындары мен дүкендері осы уақытқа дейін сатып алып қойған пакеттерін 30-шы қарашаға дейін таратып бітуі керек. Онан кейін тұтынушылар азық-түлік өнімдерді, тауарларды қағаз қалталарға немесе қалыңдығы 50 микрон болатын пакеттерге ғана салуы тиіс.
Үкіметтің жаңа ережесі қоршаған ортаның ластануын азайтуға бағытталған. Өйткені, БҰҰ мәліметінше, әлемдік мұхиттарға жылына 8 млн. тонна пластик тасталады.
Су жануарларын тұншықтырып өлтіретін пакеттердің шіруіне кем дегенде 450 жыл керек. Егер, әлем елдері полиэтиленді пакеттерден бас тартпаса, онда 2050 жылға қарай мұхиттарда балықтардан пакеттер көп болады деп сескенеді мамандар.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17