Ирактың бірлескен күштері Таль-Афар қаласын «ДАИШ»-тан азат ету операциясын жалғастырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың бірлескен күштері Таль-Афар қаласын «ДАИШ»-тан азат ету операциясын жалғастырып жатыр

21.08.2017

Бұл науқан жексенбі күні басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, көне шаһар маңындағы бірнеше ауыл экстремистерден босатылған. Сондай-ақ, армия «ДАИШ»-тың қала іргесіндегі майдан шебін бұзды.

Айта кетсек, Ирак әскері шиит еріктілері және күрд жасақтары Таль-Афарды радикалдық топ бақылауындағы аумақтан маусым айында бөліп алып, содан бері қоршауды ұстап тұр. Бұл әскери операцияның түпкі мақсаты – «ДАИШ»-қа біржола тойтарыс беру.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу