Индонезияда бірлік үшін 12 мыңнан астам адам би биледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда бірлік үшін 12 мыңнан астам адам би биледі

15.08.2017

Индонезияда бірлікті насихаттау үшін бір сәтте 12 мыңнан астам адам би билеп, ұлттық рекордты жаңартты. Бұл шара Ачех провинциясында өтіп, бейсенбіде мерекеленетін тәуелсіздік күніне де арналды.

Қара және сары дәстүрлі костюм киген адамдар қаз қатар отырып, ұлттық музыка ырғағымен өнер көрсетті. «Мыңдаған қол» атты бұл би бір кездері ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген. Оны ер адамдар ғана орындайды.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу