Кенияда полиция шерушілерге оқ атты
Кенияның оңтүстік-батысында оппозициялық шерушілер полициямен қақтығысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері демонстранттарға оқ атқан.
Оппозиция жақтастары президенттік сайлау нәтижесіне риза емес. Оның қорытындысына сай, қазіргі президент Ухуру Кениата 55 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның басты қарсыласы - елдің бұрынғы премьері Раила Одингаға сайлаушылардың 44 пайызы дауыс берді. Дегенмен, Одинганың мәлімдеуінше, сайлау комиссиясының компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасалып, дауыс беру нәтижесі бұрмаланған. Оппозициялық саясаткер шеруге шыққан жақтастарын сабырға шақырғанымен, олардың әрекеттерін бақыламайтынын ескертті.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15