Францияда автокөлік бір топ жауынгерді соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда автокөлік бір топ жауынгерді соқты

09.08.2017

Бүгін Париждің шетіндегі кварталдардың бірінде BMW маркалы автомобиль бір топ әскери қызметкерді соқты. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 8-де Леваллуа-Перре ауданында болған. Куәгерлердің сөзінше, 6 адам жараланды. Олардың екеуі ауыр халде жатыр.

Көлік жүргізушісі қашып кеткен. Қазір ол іздестірілуде. Шабуыл казармадан шығып келе жатқан жауынгерлерге жасалған. Полицияның мәлімдеуінше, терроризм, мастық және психикалық ауытқушылық деген себептер қарастырылып жатыр. 

Айта кетсек, Францияда 2015 жылы қарашада 130 адамды мерт қылған терактіден бері төтенше жағдай режимі әлі күшін жойған жоқ.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу