Мәскеу соты өзбекстандық журналистті Ресейден шығару туралы шешімнің күшін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу соты өзбекстандық журналистті Ресейден шығару туралы шешімнің күшін тоқтатты

08.08.2017

Өйткені, оны депортациялауға бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот тыйым салған еді. 

Айта кетсек, Әли Феруз Ресейдің «Новая газета» басылымының тілшісі. Ол тамыздың 1-де миграциялық заңды бұзды деп қамауға алынып, өз еліне қайтарылмақ болған еді. Ұсталғаннан бері репортер Сахарово кентіндегі шетелдік азаматтарға арналған уақытша қамау мекемесінде отыр.

Ресейде 2011-жылдан бері тұратын журналист Өзбекстаннан билікпен арадағы келіспеушіліктерге орай кетіп қалғанын айтады. Ал, ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, Феруз елде радикалдық ұйымға өзгелерді тарту ісі бойынша тергелген.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу