Римде суды үнемдеуге бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Римде суды үнемдеуге бұйрық берілді

25.07.2017

Римнің 20 мунициапалитетінде суды үнемдеуге бұйрық берілді. Өйткені, Италияның барлық аумағын аптап ыстықтан қуаңшылық жайлап барады. Кейбір аудандарда су тәулігіне бірнеше сағатқа тоқтатылып отыр. Қазір осындай шектеуге Римнің 1,5 миллиондай тұрғыны да тап болды.

Атмосфера ғылымы және Климат институтының мәліметінше, биылғы көктем 1800 жылдан бергі ең ыстық көктем болған. Жалпы алғанда, қазір Италияның 10 аймағы табиғи апатқа ұшырады деген мәртебе алуға күш салып жатыр.

Жауынның жоқтығынан, Күннің қызуынан, орман өрттерінен елдің үштен екі бөлігінде ауыл шаруашылығына зиян келіп, экономика 2 миллиард еуро шығынға батқан.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу