ВВС ерлерге 5 есе артық жалақы төлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ВВС ерлерге 5 есе артық жалақы төлеген

20.07.2017

Британияның «BBC» телерадиокорпорациясының ер қызметкерлерге, әйелдерге қарағанда 5 есе артық  жалақы төлегені анықталды. Бұл ақпаратты «Guardian» газеті хабарлады. «Reuter» агенттігінің дерегінше, радио және тележүргізуші Крис Эванға жылына 3 миллион 300 мың доллар төленсе, атақты бағдарлама жүргізушісі Клаудия Винкельман бір жылда 600 мың доллар ғана табыс тапқан. «ВВС» осыған дейін өз қызметкерлерінің айлығы туралы мәлімет бермеген. Бірақ, оның қызметін айқындайтын Корольдік хартиясы қайта қаралып жатқандықтан, үкімет корпорациядан еңбекақы туралы ақпаратты жариялауды талап етіп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу