Ирактың Мосул қаласын азаттандыру кезінде 16 мыңнан астам террористің көзі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың Мосул қаласын азаттандыру кезінде 16 мыңнан астам террористің көзі жойылды

19.07.2017

Бұл туралы Қазақстандағы Ирак елшілігінің сенімді өкілі Юнус Сархан мәлімдеді. Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуінде дипломат 9 айға ұласқан ұрыс жөнінде біршама ақпарат берді.

«ДАИШ»-тың тұтқынында болған қаланың көрген зардабы ауыр. Жүз мыңнан астам отбасы шаһардан кетуге мәжбүр болған. Мыңдаған адам соғыстың құрбаны болды. Тағы бірқатары түрлі сырқатқа шалдықты. Жарылыстардан қираған ғимараттардың ішінде тарихи құндылығы жоғары мешіт те бар. Осы олқылықтарды толтыру үшін Ирак елі барынша жұмыс істейді. Ендігі мақсат – қоныс аударған тұрғындарды қалаға қайтарып, бұл соғыстың қайталанбауын қадағалау»,- дейді елшілік өкілі. 

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу