Бангладеште лай көшкінінен 61 адам қаза тапты

13.06.2017

Бангладеште бірнеше күн бойы жауған жаңбыр лай көшкініне ұласты. Соның салдарынан 61 адам қаза тауып, ондағаны із-түзсіз жоғалып кетті. Құрбандардың бесеуі Үндістанмен шекарадағы Рангамати округінде опат болған. Құтқарушылар су басқан аймақтарға жете алмай отыр. Кейбір аудандарда жарық сөніп, ұялы байланыс желісі үзілген.  Ал, ел астанасы Даккада көлік қатынасы тоқтады.

Бангладеште муссондық жауын мерзімі маусымнан қыркүйек айына дейін жалғасады. 2007 жылы Читтагонг қаласында осындай табиғи апаттан 130 кісі қайтыс болған еді.  

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу