Бангладеште су апатынан миллиондаған адам зардап шегуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бангладеште су апатынан миллиондаған адам зардап шегуде

20.06.2022

Бангладеште муссон жаңбырлары маусымы басталып, миллиондаған адам топан судың ортасында қалды. Ал найзағайдың соққысы мен лай көшкінінен 25 тұрғын мерт болған.

Іздеу-құтқару операцияларына мыңдаған полицей мен жауынгер жұмылдырылды. Соңғы мәліметке қарағанда, олар 105 мыңдай адамды эвакуациялаған. Тағы 4 миллиондайы үйлерінен айрылып, су басқан аудандардан шыға алмай жатыр.

Экологтардың ескертуінше, климаттың өзгеруі келешекте халқы тығыз қоныстанған Бангладеште табиғи апаттарды жиілетіп, одан, әсіресе, төмен орналасқан елді мекендер көп зардап шегуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу