Лондонда болған шабуылдарды «ДАИШ» ұйымы жасаған
Ұлыбритания астанасында сенбінің кешінде болған шабуылдарды «ДАИШ» ұйымы жасаған. Радикалдық топ мүшелері ғаламтор арқылы осындай мәлімдеме таратты. Олардың әрекетінен 7 адам мерт болды. 36 адам ауруханада жатыр. Жараланғандардың 21-і ауыр халде. Шабуылшылар Лондон орталығында аса үлкен жылдамдықпен жүйіткіген фургонмен көпірге шығып, бірнеше жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін, олар жақын маңдағы Боро базарына барып, көшедегі адамдарға пышақ ала ұмтылған. Оқиға орнына жеткен полиция шабуыл жасаған үш адамды атып өлтірді. Терактіге қатысы бар деген күдікпен 2 адам ұсталған.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16