Мәскеуде дауылдан 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде дауылдан 11 адам қаза тапты

30.05.2017

Ресей астанасы Мәскеуде 100 жылдағы ең дүлей дауылдан 11 адам қаза тапты. Ондаған тұрғын жараланған. 100-ден астамы ауруханада жатыр. Мәскеу мен оған жақын маңдағы аудандарда дүйсенбіде күшті нөсер жауып, жел секундына 28 метр жылдамдықпен соқты.

 

Оның екпініне шыдас бермей, мыңнан астам ағаш, жарнама тақтайшалары құлаған. 4 мыңдай тұрғын жарықсыз отыр. 30 көпқабатты және жеке тұрғын үйдің шатыры зақымданды. Синоптиктер күшті жел, бұршақ пен нөсердің бүгін де жалғасатынын ескертті. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу