Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы ауқымды әскери жаттығу туралы бейнекадрларды көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы ауқымды әскери жаттығу туралы бейнекадрларды көрсетті

28.04.2017

Солтүстік Кореяның мемлекеттік телеарнасы ауқымды әскери жаттығу туралы бейнекадрларды көрсетті. Соғыс ойындарын мінберден ел жетекшісі Ким Чен Ын да тамашалаған.

Бұл маневрлар Корей Халықтық Демократиялық Республикасы армиясының 85 жылдығына арналып отыр. Осы датаға орай шығыс жағалауға ұзақ қашықтыққа жететін артиллерия шоғырландырылды.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея 1950-1953 жылдары соғысты. Бірақ, сол жанжал соңында бейбіт келісімге қол қойылған жоқ. Сондықтан, екі мемлекет техникалық тұрғыдан әлі соғыс жағдайында. Бұған қоса, Пхеньян АҚШ-ты жоятынын жиі ескертіп отырады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу