Бельгиялық «Miam Factory» компаниясы «3D» принтерден шоколад шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық «Miam Factory» компаниясы «3D» принтерден шоколад шығара бастады

26.04.2017

«3D» принтерден шыққан шоколад. Соңғы кездері әлемде технологияның бұл түрі қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Осы тәсілмен бұған дейін құрылысқа, өндіріске қажетті материалдар, велосипед, тіпті, автокөлік басылса, енді бельгиялық «Miam Factory» компаниясы «3D» принтерден шоколад шығара бастады.

Бельгияның Льеж университетінің ғалымдары мен «Miam Factory» компаниясының мамандары үшөлшемді принтердан шоколад шығаруды 2 жыл бойы зерттепті. Түрлі дизайндағы тәттілер - сол еңбектің жемісі. Лазерлі қондырғы ерітілген шоколадтан пішіннің әр қабатын 0,2 миллиметрден басып отырады.

«3D» принтер қыруар жұмыс күшін, өндірістік шығынды қажет етпейді. Шоколадты басып шығару уақыты да жылдам. Кішігірім кәмпитті  10 минутта, ірі көлемдегі күрделірек пішіндерді 3 сағатта дайындайды. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу