Бүгін Түркияда Конституцияны өзгерту жөнінде референдум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Түркияда Конституцияны өзгерту жөнінде референдум өтіп жатыр

16.04.2017

Егер онда Реджеп Тайып Ердоғанның жақтастары жеңіске жететін болса, бұл мемлекет парламенттік демократиядан президенттік басқару жүйесіне көшеді.

 

Жалпы алғанда, Ата заңға 18 өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Оның нәтижесінде 70 шақты заң өзгеріп, Ердоғанға 2029 жылға дейін билік етуге мүмкіндік туады және де президенттің билігі күшейеді. Премьер-министр лауазымы жойылып,  мемлекет басшысы министрлер мен вице-президенттерді өзі тағайындап, парламентті тарату құқығына ие болады.

 

Мұның бәрі бүкіл елге ұнап отырған жоқ. Дауыс беру қарсаңында Түркия қоғамы екіге жарылды. Референдум қалай өтіп жатыр және онда қай жақ басым? Тақырыпты Арыстан Рысбек толықтырады.

Хабарламаларға жазылу