Ауғанстанда АҚШ-тың соққысынан 36 экстремист қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда АҚШ-тың соққысынан 36 экстремист қаза тапты

14.04.2017

Ауғанстанда Американың авиациялық соққысынан «ДАИШ» қарулы тобының 36 мүшесі қаза тапты. Мұны бүгін жергілікті қорғаныс министрлігі хабарлап отыр. Өткен тәулікте Құрама Штаттардың ұшақтары Пәкістанмен шекаралас Нангархар провинциясының Ачин ауданына «Барлық бомбалардың анасы» деген снаряд тастады. Оның ұзындығы - 9 метр, салмағы – 10 тонна. Бұл бомбаның екпінінен бес шақырым жердегі ауылдардың өзінде жер теңселіп, шекараның ар жағындағы пәкістандықтар түнде шошып оянған. Бейбіт халық арасында құрбандар жоқ.

 

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу