Бельгияның ірі теміржол вокзалдарында жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияның ірі теміржол вокзалдарында жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылады

06.01.2017
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Ян Ямбон мәлімдеді.

Бұған дейін бұл жүйе сынақ ретінде Брюссельдегі «Завентем» әуежайына енгізіліп, тиімділігі дәлелденген. Бірнеше бейнекамера, смарткамерадан тұратын жаңа технология автокөліктің нөмірін, адамдардың бет-әлпетін алыстан-ақ дәл анықтауға қауқарлы. Осы заманауи құрылғының көмегімен былтыр желтоқсан айында терроризмге қатысы бар деп күдіктелген 30 азамат әшкереленген.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу