Украинада теміржол вокзалдарында екпе салу орындары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада теміржол вокзалдарында екпе салу орындары ашылды

22.10.2021

Украинада эпидемиологиялық жағдай ушығып, тәртіп күшейтілді. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушылардан ковид сертификаты талап етіле бастады. Теміржол вокзалдарында тегін екпе салдыру және ковидті анықтайтын жедел тестілеу орындары ашылды. Тек 18 жасқа толмаған жолаушылардан ковидке қатысты құжат талап етілмейді.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметі бойынша, бір тәулікте 22 мыңнан астам адамнан вирус анықталды. Індеттен бір күнде 546 адам көз жұмған.

Александр Кава, Украина қаржы министрінің орынбасары:

Жаңа жыл мен рождество мерекелері жақындаған сайын саяхаттаушылар саны еселеп артатыны белгілі. Сондықтан сақтық шараларын күшейтуіміз қажет. Ең дұрысы – алдын-ала екпе салдырып алып жол жүрген абзал. Сонда ғана ковид жұқтыру қаупі азаяды.


Хабарламаларға жазылу