Жапонияның Итоигава қаласында бүгін 140-қа жуық ғимаратты өрт шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Итоигава қаласында бүгін 140-қа жуық ғимаратты өрт шарпыды

22.12.2016
Жапонияның Итоигава қаласында бүгін 140-қа жуық ғимаратты өрт шарпыды. Оны сөндіру үшін жергілікті әкімшілік армиядан көмек сұрауға мәжбүр. Мамандар өртті сөндіруге тырысқанымен, нысандар таңертеңнен бері әлі жанып жатыр.

Сондықтан, жақын маңдағы 360-тан астам үйдің тұрғындарын көшіруге тура келді. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу