АҚШ-та лимузин апатынан 20 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та лимузин апатынан 20 адам қаза тапты

08.10.2018

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында той қонақтары мінген лимузин көлігі апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Марқұмдардың 18-і - автомобиль жолаушылары, ал, екеуі жаяу жүргінші. Куәгерлердің сөзінше, лимузин екінші бір көлікпен соқтығысқанда жолдан шығып кетіп, дүкен жанында тұрған бір топ адамды қағып өткен. Көлік жүргізушісі де қаза тапты. Әзірге, апаттың неліктен болған белгісіз. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал, қайғылы оқиға болған тас жол бөлігі уақытша жабылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу