Қызылордада күріш орағы қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада күріш орағы қарқын алды

26.09.2014
Қызылордада күріш орағы қарқын алды

Биыл әр гектардан орташа есеппен 50 центнерден өнім жиналып, қамбаға 360 мың тонна дән құю межеленіп отыр.

Жуырда 22 жылдан бері қаңырап тұрған Жалағаш элеваторы қайта іске қосылып, алғашқы өнімді қабылдады.

Сыр бойының еңбеккерлері 161 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын ексе, оның 81245 гектары күрішке тиесілі.

Аймақтағы 6 шаруашылықтың 60 гектар жеріне күріштің «ҚазЕр-6» жаңа сорты егілді. Одан шамамен 100 тоннаға жуық тұқым алынбақ.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу