Онлайн сауда қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн сауда қарқын алды

18.02.2020

Елімізде электронды сауда нарығының көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 млрд теңгеге жетті. Қазақстандағы интернет дүкендерден ғана 422 млрд теңгенің тауары сатылған. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов осындай ақпарат таратты. 

Еліміздегі барлық тауар айналымының 3,7 пайызы қазір электронды түрде жүргізіледі. Жоспар бойынша бұл көрсеткішті 5 пайызға дейін жеткізу керек. Алайда Сауда және интеграция министрлігі тауар айналымының 10 пайызын интернет арқылы жүргізуге мүмкіндігіміз бар деп отыр. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу