Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта күшті жел соғып, соңы нөсер жауынға ұласты

14.04.2016
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта күшті жел соғып, соңы нөсер жауынға ұласты
Ауа райының қолайсыздығынан қалада ұзын-сонар көлік кептелісі болып, мектептер мен кеңселер жабылған. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға далаға шықпай, үйде отыруға кеңес берді.

5 миллион 700 мың тұрғыны бар Эр-Рияд әлемнің ең ыстық қалаларының бірі саналады. Мұнда негізінен жаңбырдың жаууы - сирек құбылыс.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ[b][/b]

Хабарламаларға жазылу