Хорватияда күшті дауылдан тұрғын үйлер қирады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хорватияда күшті дауылдан тұрғын үйлер қирады

14.05.2019

Хорватия астанасы Загребте күшті жел соғып, тұрғын үйлер қирады. Сонымен қатар дауыл ағаштарды тамырымен жұлып, электр желілерін зақымдаған. Полицияның хабарлауынша, қатты жел көше бойындағы шағын дүкенді ұшырып, одан екі әйел зардап шекті. Қала тұрғындары болса, бұрын-соңды мұндай дүлей дауылдың болмағанын айтып отыр. Ал, жергілікті билік табиғи апатқа климаттың өзгеруі себепші екенін айтады. Дегенмен, ауа райының болжамы бойынша, нөсер жауын мен дауыл әлі бірнеше күнге жалғасады. Сондықтан қала басшылығы тұрғындарға үйде қалуды ескертті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу