Амстердам әуежайынан бомба табылмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амстердам әуежайынан бомба табылмады

13.04.2016
Амстердам әуежайынан бомба табылмады
Нидерландтың арнайы қызметтері Амстердамның «Схипхол» әуежайы аумағынан жарылғыш затты тапқан жоқ. Енді халықаралық терминал қалыпты жұмыс тәртібіне оралды.

Таяуда жергілікті құзырлы органдарға терминал аумағында күдікті жүк байқалғаны туралы ақпар түскен. Соған байланысты әуежайдың кейбір бөліктерінде эвакуация жүргізіліп, осы іске қатысты үш адам қамауға алынған. Оқиға орнына қаруланған полиция жасақтары, жарылғыш техника жөніндегі мамандар мен робот-сапер тартылған.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу