Ауыл шаруашылығына субсидия беру жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығына субсидия беру жеңілдейді

23.09.2014
Ауыл шаруашылығына субсидия беру жеңілдейді

Ауыл шаруашылығына субсидияны беру пайызын автоматтандыру жоспарланып отыр.

Себебі құжаттың көптігі сонша, кей ауданда қағазды арнайы көлікпен тасуға тура келеді. Бұл туралы Ауыл шарушылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев мәлімдеді.

Ал кәсіпкерлерге субсидия беру жеңілдетілетін болады. Қазір кәсіпкерлер субсидияға өтініш беру үшін жергілікті атқарушы органдарға, арнайы комиссияларға барады.

Сондай-ақ, дәнді-дақылдарды суаратын судың бір текше метрі 3 теңге болса, енді 20 теңгеге көтерілетін болады, деді жауапты хатшы.  

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу