Сирия әскері оппозиция бақылауындағы провинцияға өтті

14.08.2019

Сирия үкіметінің әскері оппозицияның бақылауындағы стратегиялық маңызы зор әл-Хобейт қаласына ене бастады. Көтерілісшілердің қолындағы бұл ірі анклав Идлиб провинциясында орналасқан. Сонымен қатар 2017 жылы сарин газымен шабуылданған Хан-Шейхун қалашығы маңындағы бір ауыл да президент Башар Асад армиясының қарамағына өткен.

Әскердің одақтасы – «Хезболла» қозғалысының хабарлауынша, Асад күштері әл-Хобейтті ала отырып, Идлибтің оңтүстігі мен Дамаск-Алеппо тас жолына өтетін мүмкіндікке ие болады.

Солтүстік-батыстағы Идлиб – оппозицияның қол астындағы соңғы бекініс. Оны ұстап отырған көтерілісшілер қатарында Тахрир әш-Шам жиһадшыл тобы мен Түркияның көмегіне сүйенген қарулы ұйымдар бар.

Арыстан РЫСБЕК

 

 

 

Хабарламаларға жазылу