Түркиялық әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыға 600 еуроға дейін өтемақы төлейді
Түркиялық әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыларға 600 еуроға дейін өтемақы төлейтін болды. Заң жобасы осы аптада күшіне енді. Құжатқа сай егер ұшақ техникалық ақауға байланысты үш сағатқа кешігетін болса, әуе компаниясы жолаушыларға өтемақы төлеуге міндеттеледі. Қаржы көлемі жолаушы баратын бағыттың қашықтығына байланысты болмақ. Мәселен ұзақтығы бір жарым мың шақырымнан асатын рейстер кешіксе 250 еуро, бір жарым мыңнан 3 мың шақырымға дейін 400 еуро, ал қашықтығы 3 жарым мың шақырымнан асатын халықаралық бағыттағы әуе рейсі кешіксе, жолаушыға 600 еуро көлемінде өтемақы беріледі. Қаржы Түркия орталық банкінің бекіткен курсы бойынша түрік лирасымен төленуі тиіс.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16