«ДАИШ» тобы 3500 адамды құлдықта ұстап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» тобы 3500 адамды құлдықта ұстап отыр

20.01.2016
«ДАИШ» тобы 3500 адамды құлдықта ұстап отыр
Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Иракта «ДАИШ» қарулы тобы шамамен 3500 адамды құлдықта ұстап отыр. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Сонымен қатар, экстремистік ұйым 2014 жылдың қаңтарынан бері 18 мыңнан астам адамды өлтіріп, Мосулда шамамен 900 баланы ұрлап әкеткен.
Ол жеткіншектер әскери және діни дайындыққа жіберіліпті. Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу