Тың бизнес жобаларға қолдау көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тың бизнес жобаларға қолдау көрсетіледі

10.09.2014
Тың бизнес жобаларға қолдау көрсетіледі

Бүгіннен бастап «Инвесторлар альянсы» қоғамдық ұйымы жұмысын бастады. Білікті бизнесмендер ілкімді кәсіптің көзін табуға көмектеседі. Яғни, оның жүзеге асыруылуына және қаржылай қолдау көрсетуге қол ұшын береді.

Сондай-ақ, мамандар елімізде қоғамдық қаржыландыру қорын енгізуге құлықты екендерін жеткізді.

«Америка елінің өзінде осындай қоғамдық қаржыландыруда жылына 10 миллиард доллар жұмсалды. Еуропа елінде, Қытай елінде ол қатты дамыған. Ал бізде бизнеспен бизнеске сенімділікті арттыратын болсақ, олар бір-біріне қаражат құйып үлес салып, бірге бизнес жасай алады», - дейді «Инвесторлар альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Азаматхан Әміртай.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу