Бельгияда теракт ұйымдастыруы мүмкін тағы бір күдіктіге іздеу жарияланды
 
                    
29 жастағы Мохамед Абринидің де Салах Абдесламмен бірге Париждегі лаңкестікке қатысқаны анықталған.
Құқық қорғаушылар бүгін оқу орындары мен метрода қауіпсіздікті күшейтті. Екі күндік үзілістен кейін оқушылар мен студенттер білім ордаларының табалдырығын аттады. Көңіл-күйлері жоқ. Мектеп алдында қарумен тұрған әскерилер балалардың зәре-құтын қашырды.
Оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Брюссельдегі 160 мектепке 3 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Тағы 2 мыңы метро маңайындағы тәртіпті қадағалап тұр. Әскери техника мен құқық қорғаушылардың қалада қаптап жүргеніне қарамастан, халық әлі де көшеге шығуға сескенеді.
Соңғы 4 күн ішінде супермаркеттерден азық-түлікке интернет арқылы тапсырыс берушілердің қатары көбейген. Ал, ірі сауда орталықтарының тауарларына сұраныс төмен.
Анна Дебюс, дүкен иесі
Жағдай қиын. Дүкенді кеше аштық. Сенсеңіз таңғы 10-нан кешкі 18:30-ға дейін тек 4 адам ғана бас сұқты. Онда да ештеңе сатып алмады. Бүгін де сауда жоқ. Келесі аптада жағдай түзелер. Бірақ, адамдар үрейден арылу үшін кемінде 2-3 апта уақыт кетеді.
Қонақ үй, мейрамхана иелері де табыстан қағылғандарын айтып жатыр. Себебі, ел астанасында теракт болу қаупі жоғары дегеннен бері туристер толқыны сап тиылды. Брюссельдің ең көрікті жерлері саналатын «Атомиум» мен шағын Еуропа паркі де қаңырап бос тұр. Экономикалық шығын тәуекел, бастысы адам шығыны болмасын, деп тілеп отыр қазір билік те бұқара да.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
                            Нұрсұлу Қасым
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында хайуанаттар бағының аумағы тазартылды
                                    31.10.2025, 20:52
                                 
                                Өңірде әлемдік деңгейдегі озық операциялар жасалады
                                    31.10.2025, 20:47
                                Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздіктері марапатталды
                                    31.10.2025, 20:45
                                Екібастұзда «Ертіс-Баян» театры ашылды
                                    31.10.2025, 20:40
                                Семейде «Халық заңгері» акциясы өтті
                                    31.10.2025, 20:30
                                Әлеуметтік тауарды қымбатқа сатқан кәсіпкерлер жазаланды
                                    31.10.2025, 20:28
                                 KGIR-2025: 49 келісімге қол қойылды
                                    31.10.2025, 20:25
                                Атырауда 100-ден астам тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды
                                    31.10.2025, 20:24
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    