Елбасының сыныптастары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасының сыныптастары бас қосты

30.11.2018

Елбасының сыныптастары жиі бас қосып тұрады. Олар оқыған он жылдық мектеп қазір мұражайға айналған. Олар мектепте жиналып, арқа-жарқа әңгімелесіп, балалық дәурендерін еске алды. Жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты Мемлекет басшысы осындай кездесулерге келе алмаса да, сәлемхат жолдап, телефонмен тілдесіп отырады.

Ал, достары араларынан шыққан елбасыдай тұлғаның амандығын тілеп, әрқашан ниеттестіктерін білдіреді. Осылайша, сағынышты сәттерге саяхат жасаған сыныптастар ұрпақтар сабақтастығының үлгісін көрсетті. Қатарластар сыр шертісіп, әулете ән шырқады.

Елбасының достары алтын ұя мектебін аралап, көзге таныс, көңілге ыстық жәдігерлерді көріп шықты. «Біз Президентті мақтамаймыз, Президентпен мақтанамыз», дейді олар.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу