Польша парламенті үкіметке сенім білдірді

26.06.2014
Польша парламенті үкіметке сенім білдірді
Польша парламенті Дональд Туск бастаған үкіметке сенім білдірді. Процедура барысында 237 депутат министрлер кабинетін жақтап қол көтерсе, 203-і қарсы дауыс берген.
 
Айта кетсек, жақында поляк шенеуніктерінің құпия әңгімесі жарияланып, сыртқы істер министрінің АҚШ-пен арадағы байланысты пайдасыз деп есептейтіні әшкере болды.
 
Осы жанжалдан кейін премьер-министр үкіметке сенім білдіру мәселесін дереу сейм алдына шығаруды ұсынған болатын.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу