Ерлан Ыдырысов Еуропа кеңесі Парламенті Ассамблеясының төрағасы Жорди Чукламен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов Еуропа кеңесі Парламенті Ассамблеясының төрағасы Жорди Чукламен кездесті

18.03.2016
Ерлан Ыдырысов Еуропа кеңесі Парламенті Ассамблеясының төрағасы Жорди Чукламен кездесті
Екіжақты әңгіме барысында Жорди Чукла елімізде өтетін сайлауды бақылау зор мәртебе екенін айтып, саяси шара әділ әрі халықаралық талаптарға сай өткізілетініне сенім білдірді.

Ерлан Ыдырысов 2004 жылдан бері екіжақты байланыстың дамып келе жатқанын айтып, ынтымақтастықтың алдағы уақытта да дами беретінін жеткізді. Одан бөлек, Еуропа Парламенті Ассамблеясы төрағасының мемлекеттік маңызды шараны бақылайтыны ара-қатынастың жоғары деңгейде екенін білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу