Парақор полицейлер 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парақор полицейлер 7 жылға сотталды

18.10.2014
Парақор полицейлер 7 жылға сотталды

Жаңаөзен қаласында екі учаскелік инспектор 7 жылға сотталды. Олар өзара сөз байласып, топтасып пара алды, деп айыпталды.

Полицейлер Ақсу шағын ауданында жол төсеумен айналысқан бригада басшысынан қомақты қаржы талап еткен. Олай болмаған жағдайда қарамағындағы шетелдік жұмысшыларды әкімшілік жазаға тартамыз және құрылыстың жүруіне кедергі жасаймыз, деп қоқан-лоқы жасаған.

Жемқорлыққа жол берген тәртіп сақшыларының кінәсін сот дәлелді деп тапты.

Жазира ӘБІЛ

 

Хабарламаларға жазылу