Ресейлік фермерлер трактормен жарысқа түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік фермерлер трактормен жарысқа түсті

20.06.2014
Ресейлік фермерлер трактормен жарысқа түсті
Ресейлік фермерлер тракторға мініп, бір-бірімен жарысқа түсті.
 
Дондағы Ростовта өткен шараны 3 мыңға жуық адам тамашалаған. Жалпы алғанда, байқауға елдің әртүрлі аймақтары мен Қырымнан 27 тракторшы қатысыпты.
 
Жарыс 10 шақырымға созылып, оны халықтың бір бөлігі алып экраннан көрді.
 
Дегенмен, сайыс оңайға түспеді. Қатысушылар мәре сызығына жеткенше, түрлі кедергілерден өтуі тиіс болды. Ал, жеңімпазға бас жүлде ретінде  жаңа трактор берілген.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу