Берлинде түрлі мәдениеттер карнавалы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берлинде түрлі мәдениеттер карнавалы өтті

09.06.2014
Берлинде түрлі мәдениеттер карнавалы өтті
Берлинде дәстүрлі мәдениеттер карнавалы  мәресіне жетті. Германия астанасында тұратын түрлі ұлт өкілдері тоғысқан мерекелік шарада 80-нен астам ұжым мен 5 300-ге жуық қатысушы өнер көрсетті.
 
30 градустан жоғары ыстыққа қарамастан, көшедегі салтанатты шеруді ондаған мың адам тамашалаған. Түрлі-түсті костюм киген өнерпаздар би билеп, ән айтып, цирктік қойылымдарды да көрсетті. Маусымның 6-да басталған шара бүгін аяқталады.  
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу