Бразилияда баспанасы жоқ мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда баспанасы жоқ мыңдаған адам шеруге шықты

05.06.2014
Бразилияда баспанасы жоқ мыңдаған адам шеруге шықты
Футболдан Әлем чемпионаты басталуына санаулы күндер қалғанда Сан-Паулудағы алаң жанында 12 мыңдай адам шерулетті. Олар қыруар қаржының әлеуметтік сала және тұрғын үймен қамтуға жұмсалудың орнына спорттық шараға бөлінуіне наразы.
 
Шеруді «Үйсіз жұмысшылар» қозғалысының мүшелері ұйымдастырған. Наразы топтың мәлімдеуінше, қалада 4 мыңдай жанұя лашықтарда тұрып жатыр. Бұған қоса, күллі ел аумағында 170 мыңдай тұрғын чемпионатқа орай баспаналарынан көшірілген екен.
 
Шерушілер талаптары орындалмаса, футбол ойындары басталатын маусымның 12-де наразылық акциясына шығатынын ескертіп отыр. Чемпионат Сан-Паулудағы «Арена Коринтианс» стадионында Бразилия - Хорватия футбол командаларының ойынымен ашылады. 
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу